Астана циркінде гимнастшы қыз биіктіктен құлап кетті

Мамыр 19, 2025 - 16:26
chat_bubble  0 visibility  36
Астана циркінде гимнастшы қыз биіктіктен құлап кетті

Астана циркінде гимнастшы қыз өнер көрсету кезінде биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқыс оқиға 18 мамыр күні көрермендердің көз алдында болған. Оның бейнежазбасы желіде таралды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы гимнастшының жағдайы туралы түсінік берді.

"Қыз циркте 5 метр биіктіктен құлап жарақат алған. Оқиға орнынан оны жедел медициналық жәрдем бригадасы алып кетті. Диагнозы: бас-ми жарақаты және ми шайқалуы. Жалпы жағдайы орташа ауыр, тұрақты", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта пациент политравма бөлімшесінде жатыр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0