Астанада 22 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп, қаза тапты
Астанада 22 жастағы жас қыз бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бойжеткен дәл сол сәтте өтіп бара жатқан курьер жігіттің мотобайкына құлаған. Салдарынан жас қыз алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департаменті ресми пікір білдірді.
«Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім қыз бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен. Алған жарақаттары салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады олар.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның себептері мен толық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0