Астанада әскери ұшақтар ұшып, жолдар жабылатын болды
Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, шектеулер елордада өтетін халықаралық саяси іс-шараларға байланысты енгізіледі.
Астанада 9 қазаннан бастап әскери авиацияның ұшу жаттығулары өтеді, ал 10-14 қазанда бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, шектеулер елордада өтетін халықаралық саяси іс-шараларға байланысты енгізіледі.
Іс-шаралар кезінде арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдары мен Қарулы күштердің күштері мен құралдары пайдаланылады.
Осыған байланысты қала көшелерінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Әскери авиацияның ұшу жаттығулары 9 қазаннан басталады.
Мемлекеттік күзет қызметі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.