Астанада автосалон иесі қамауға алынды
Астанада автосалон иесі қамауға алынды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«25 жастағы қала тұрғыны автосалон иесі бола отырып, менеджермен бірлесіп заңға қайшы қызмет ұйымдастырғаны анықталды. Күдіктілер қамауға алынды», – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін автосалон комиссиялық негізде пайдаланылған автокөліктерді сату бойынша заңды қызмет атқарғаны атап өтілді.
«Белгілі бір кезеңде күдіктілер алаяқтық жолмен әрекет ете бастаған: олар автокөлік иелерімен көліктерін сату жөнінде шарттар жасасып, көлік құралдарын қабылдаған, алайда оларды сатудан түскен ақшалай қаражат заңды иелеріне берілмеген. Сонымен қатар автокөлік сатып алу үшін ақша берген сатып алушылар да алданған, алайда көлік құралдары оларға берілмеген – автокөліктер күдіктілер тарапынан пайдаланылып, үшінші тұлғаларға жалға берілген», – деп мәлімдеді полицейлер, күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатқанын қосып.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0