Астанада автотұрақта тұрған бес көлік өртенді
Астананың Сарайшық ауданында тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оқиға А. Байтұрсынұлы көшесінде болған. Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде, көліктердің барлығы ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан жалын бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған.
– Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел түрде сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қатты жел кезінде оттың таралуы өте жылдам болуы мүмкін. Өрт белгілерін байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0