Астанада балаларға арналған снектің ішінен тышқан шықты

Наурыз 3, 2026 - 14:21
 0  34
Астанада балаларға арналған снектің ішінен тышқан шықты
Фото: egovpress

Астана қаласының тұрғыны баласына дүкеннен Cheetos ірімшік снегін сатып алған. Алайда қаптаманы ашқан кезде оның ішінен тышқанға ұқсас бөгде зат шыққан, деп хабарлайды Sadaq.kz.  Бұл туралы egovpress телеграм арнасында мәлімдеді. 

Өнім балаларға арналғандықтан, мұндай жағдай әйелді қатты алаңдатқан. Ол бірден тиісті органдарға жүгініп, тауардың сапасын тексеруді талап еткен.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тексеру басталғаны туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жарияланған жоқ.

Мамандар тұтынушыларға қаптаманы ашқан кезде өнімнің түріне, иісіне және сапасына мұқият қарауға кеңес береді. Күмәнді жағдай анықталса, тауарды қолданбай, құзырлы органдарға хабарласқан жөн.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0