Астанада бейтаныс адам лифтіде тұрған әйелді пышақтап кете жаздады (ВИДЕО)
Астанадағы «Спорт сити» тұрғын үй кешенінде оқыс жағдай болды. Лифтіде тұрған бейтаныс бір адам жанындағы әйелді пышақтап кете жаздады. Azattyq Rýhy сайтының жазуынша, әйел қасында тұрған ер адамның сұрағына жауап бермеген. Осыған ашуланған жігіт әйелді пышақпен қорқытқан.
Сондай-ақ редакция көршілердің чатында тараған видеоға қатысты қалалық полиция департаментінен сұрау салып, оның ұсталғанын анықтаған.
«Ал, адам қолынан өліп қала жаздаған әйелдің айтуынша, ол құлағына наушник тағып алған. Ер адам сұрақ қойғанда естімей қалған екен. Соған ашуланса керек, әлгі ер адам ұзын пышағын алып шығып, әйелдің мойнына кезеген. Шыбын жаны шыға жаздаған әйел үйде кішкентай балам бар деп, лифті ашылғанда әрең қашып құтылған», - деп жазады аталмыш дерек көзі.
Видеоны жіберген адамның айтуынша, күдікті ұсталған. Оқиға бүгін, 10 желтоқсан күні түскі сағат 12.00 шамасында болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?