Астанада жас қызды пышақтап өлтіріп кетті

Астанадағы «Millennium Park» тұрғын үй кешенінде 20:30 шамасында қайғылы оқиға болды. Бойжеткен қыз қаза тауып, оның кәмелетке толмаған інісі пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдікті – марқұмның бұрынғы сүйіктісі Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті марқұмның бұрынғы жігіті болып шықты. Қыз пәтердің ішінде бірнеше пышақ жарақатымен табылған.
Көршілердің айтуынша, оқиға алдында пәтерден қатты айқай-шу естілген.
Қанды оқиғадан кейін күдікті көшеге шығып, өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасаған. Нәтижесінде қыздың кәмелет жасына толмаған інісі жарақат алып, балалар алаңынан табылған.
Жасөспірім жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Күдікті пәтерге тығылып, кейін берілді «Криминальный Казахстан» Telegram каналының мәліметінше, шабуылдан кейін күдікті қыздың пәтерінде жасырынып отырған.
Полиция келген соң 21 жастағы ер адам өз еркімен берілген. Құқық қорғау органдары қылмыстық істі тіркеп, тергеу жұмыстарын бастады. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?






