Астанадағы саябақта қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Шілде 30, 2026 - 11:01
app_badging Шілде 30, 2026 - 11:05
chat_bubble  0 visibility  3
Астанадағы саябақта қызға шабуыл  жасаған ер адам ұсталды
Фото: Видеодан скрин

29 шілде күні таңертең Астанадағы Президенттік саябақ аумағында бойжеткенге ер адам шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, күдікті оған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға әрекеттенген. Алайда бойжеткен қатты айқайлап, қарсылық көрсеткендіктен, шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен.

Қыз қашып бара жатқан күдіктіні ұялы телефонына видеоға түсіріп үлгерген. Соның арқасында полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні жедел түрде ұстады.

Дегенмен, қыздың зорлауға әрекет жасалғаны туралы мәлімдемесіне қарамастан, әзірге күдіктіге қатысты тек «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік материал рәсімделген. Іс соттың қарауына жолданды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0