Астанада көлік аударылып, жүргізуші жауапқа тартылды

Қыркүйек 18, 2026 - 17:20
 0  6
Астанада көлік аударылып, жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: видеодан скрин

Астана көшелерінің бірінде автокөлік аударылып қалған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Аударылған көліктің суреттері мен видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы 18 қыркүйекте таңертең болған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмада Е-900 көшесінде BMW автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бордюрге соғылған. Осыдан кейін көлік көшедегі жарық бағанына соғылып, аударылып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деп толықтырды полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0