Астанада лифтіге «өлік» алып кіріп, пранк жасаған блогерлер қамауға алынды

Мамыр 17, 2025 - 16:13
Астанада лифтіге «өлік» алып кіріп, пранк жасаған блогерлер қамауға алынды

Астанада сәтсіз шыққан пранк авторлары қамауға алынды. Олар елордадағы тұрғын үйлердің бірінің жеделсатысы ішінде видео түсіріп, оны желіге жүктеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында блогердің екі серіктесімен бірге "хайп" үшін көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жеделсатысы ішінде марқұмды салған адамның бейнеролигін анықтады. Сол сияқты екінші видеода бір адам жеделсатыға жүгіріп кіреді, екіншісі жараланған кейіп танытады, ал үшіншісі қолына балта ұстап алған.

"Олардың әрекеттері жеделсаты ішіндегі азаматтардың қатты шошытып, күйзеліске түсуіне себеп болған. Мұндай "әзілдер" – моральға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер. Олар қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін. Барлық қатысушы анықталып, ұсталды және жауапкершілікке тартылды".

Сот шешімімен бастамашы 30 тәулікке қамалса, қалған екеуіне 15 тәуліктік әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow