Астанада тағы да автобус апаты тіркелді: зардап шеккендер бар (ВИДЕО)

2025 жылы 3 шілдеде Астанада автобус апатқа ұшырап, салдарынан жолаушылар зардап шекті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оқиға орнында түсірілген видео желіде жарияланды. Астана қаласының полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтаған.
"Астананың Сарыарқа ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы жетті. Себебі жолаушылар апат салдарынан зардап шекті. Автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, Серкебаев көшесімен қиылыста келе жатқан Ford маркалы автокөлікке жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобуста болған үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтап, көше қиылыстарында мұқият болу керегін ескертті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






