Астанада үш бала жүк пойызымен ондаған шақырымға кетіп қалған

Қараша 5, 2025 - 11:34
Қараша 5, 2025 - 11:56
Астанада үш бала жүк пойызымен ондаған шақырымға кетіп қалған
Фото; ПД

Ақмола облысының Аршалы станциясында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 8, 10 және 11 жастағы үш баланы жүк пойызынан түсірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тексеру барысында анықталғандай, балалар Астана станциясында қызығушылықпен бос вагонға мініп, ондаған шақырым жол жүріп кеткен. 

Абырой болғанда, полиция департаменті балаларды дер кезінде тауып, қайғылы оқиғаның алды алынды. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары теміржол көлігін пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. 

Сонымен қатар олар балаларын қараусыз қалдырғаны және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін де жауапқа тартылады. Көліктегі полиция департаменті ата-аналарға ескертеді: балаларды бақылаусыз қалдыру олардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Осы жылдың 10 айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабының 1-бөлігінде көрсетілген теміржол көлігін пайдалану қағидаларын бұзудың 3 769 фактісін анықтаған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow