Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті

Астананың сол жағалауында жеңіл автокөлік баланы қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ұлы дала мен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Әзірге елордалық полиция департаменті бұл фактіге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасы жол апатынан бала зардап шеккенін мәлімдеді.
«Жеңіл автокөлік баланы қағып кеткен. Жабық бас-ми жарақатын алған. Қазіргі уақытта №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында жатыр», - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?






