Астанада жер үйлердің бірінен өрт шықты

Маусым 11, 2026 - 11:26
chat_bubble  0 visibility  3
Астанада жер үйлердің бірінен өрт шықты
Фото: ТЖМ

Елордалық құтқарушылар жер үйдегі өртті сөндірді. Қызыл жалын үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысын шарпыған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түнде Астанада "112" пультіне Алматы ауданындағы Таскескен көшесінде орналасқан жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орынына келген өрт сөндірушілер үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысының жанып жатқанын анықтады.

"ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде 20 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

️ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.



Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0