Астанадағы Backstreet Boys концертіне мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты (видео)

Қыркүйек 22, 2025 - 11:35
Астанадағы Backstreet Boys концертіне мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты (видео)
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өткен Backstreet Boys концертіне мыңдаған жанкүйермен бірге мүмкіндігі шектеулі көрермендер де бас қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, іс-шараның барынша қолжетімді әрі жайлы өтуі үшін аренада арнайы жағдай жасалды: ыңғайлы кіреберістер қарастырылып, қозғалысы шектеулі жандарға арналған бөлек орындар жабдықталды, сондай-ақ еріктілердің көмегі ұйымдастырылды.

Көрермендердің айтуынша, мұндай шаралар концерттің толыққанды қатысушысы ретінде сезінуге және өзгелермен бірдей әсер алуға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұқаралық іс-шараларда кедергісіз орта қалыптастыру – елордадағы инклюзивті мәдениетті дамытудың маңызды қадамы.

Еске салсақ, 21 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы өнер көрсетті. Елордадағы концертіне 45 елден 12 мың турист келді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow