Астанадағы дәмханада сүрені жатқа айтқандарға тегін кофе ұсынылды - мүфтият не дейді

Тамыз 5, 2026 - 17:33
chat_bubble  0 visibility  2
Астанадағы дәмханада сүрені жатқа айтқандарға тегін кофе ұсынылды - мүфтият не дейді
фото: видеодан скриншот

Астанадағы дәмханалардың бірінде Құрандағы сүрені жатқа айтқандарға тегін кофе ұсынылды, деп хабарлайды sadaq.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Елордадағы кофехана иесі желідегі парақшасында "бір сүре үшін бір кофе" акциясын жариялаған.

Мүфтият астаналық кәсіпкердің сүрені жатқа айтып, тегін кофе алуға үндеген акциясына қатысты пікір білдірді.

Мүфтияттың мәлімдеуінше, Құранға бет бұруға ынталандыратын кез келген бастама оң бағаға лайық.

"Алайда қасиетті Құран сүрелерін оқуды материалдық сыйақыға қол жеткізудің шарты ретінде қабылдамауды қамтамасыз ету маңызды", - дейді ҚМДБ-да.

Ал Астана қаласының дін істері жөніндегі басқармасы кофехана иесімен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0