Астанадағы өрт: 5 бала жансақтау бөліміне түсіп, біреуі қайтыс болды

Желтоқсан 8, 2025 - 17:28
 0  44
Астанадағы өрт: 5 бала жансақтау бөліміне түсіп, біреуі қайтыс болды
Фото: видеодан скрин

Елорда тұрғындары үшін бүгінгі жаңалық ауыр тиді. Астананың қақ ортасында, Абылай хан даңғылы бойындағы бес қабатты үйде шыққан өрт жасөспірімнің өмірін қиды, деп жазады sadaq.kz.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат салдарынан 11 жастағы бала көз жұмған. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, уланған баланы ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады

Жедел жәрдем бригадалары оқиға орнынан ауруханаға алты адамды жеткізді. Олардың бесеуі – кәмелетке толмаған балалар болса, біреуі – ересек адам.

Дәрігерлердің алғашқы қорытындысы бойынша, зардап шеккендердің барлығы иіс тиіп, қатты уланған. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөліміне жатқызылды. Ақ халаттылар науқастардың жағдайын «ауыр» деп бағалап отыр.

«2014 жылы туған бала ауруханаға өте ауыр халде түсті. Өкінішке қарай, реанимациялық шаралар нәтиже бермеді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) оқиғаның 6 желтоқсан күні болғанын растады. Өрт көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеден басталған көрінеді.

Қою түтін санаулы минуттар ішінде бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейін көтеріліп, кіреберісті толықтай жаулап алған. Бұл тұрғындардың сыртқа шығуына үлкен кедергі келтірді. Дегенмен, құтқарушылар шұғыл әрекет етіп, 40 адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Құтқарылғандардың ішінде 7 бала бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0