Астанаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келіп жетті
Ол «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады

Астанаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келіп жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,1 млрд долларды құрады», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Кеше Астанаға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді
Елорда әуежайының терминалында Қытай төрағасы Си Цзиньпинді балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алған. Ақорданың мәліметінше, осыдан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.
Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.
Айта кетейік, осыған дейін Си Цзиньпиннің сапарына байланысты Астанада бірнеше көше жабылатыны хабарланған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?






