Астаналық әйел мүгедек ұлының бірнеше рет зорланғанын мәлімдеді

Тамыз 8, 2025 - 14:45
Астаналық әйел мүгедек ұлының бірнеше рет зорланғанын мәлімдеді
Фото: unsplash.com

Әлеуметтік желіде Астана тұрғынының видеомәлімдемесі тарады. Онда әйел өзінің ІІ топ мүгедектігі бар ұлы бірнеше рет зорланғанын айтып, көмек сұрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, күдікті ұлымен онлайн ойын арқылы танысып, "сенің қатарласыңмын" деп алдап, бірнеше рет үйіне шақырған. Күйінген ана ұлын күдіктілер топ болып зорлағанын атап өтті.

Жарияланған бейнежазбаның сипаттамасында жазылғандай, бұл оқиға орын алғаннан кейін төрт ай уақыт өтсе де, күдікке ілінген 6 адамның ешбірі жауапқа тартылмаған.

Барлық сараптама қорытындылары бола тұра, іс алға жылжымай отыр. Осы уақыт аралығында баланың анасы инсульт алған, ал ұлында эпилепсия дерті басталып, жағдайы бұрынғыдан да нашарлай түскен.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Тергеу аясында бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Олардың нәтижесіне сәйкес, іс бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Барлық тергеу әрекеттері қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – деп түсіндірді полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow