Денесі екі күн жатып қалған: Астанада бойжеткен туған анасын пышақтап өлтірді

Тамыз 18, 2025 - 12:30
Тамыз 18, 2025 - 15:09
Денесі екі күн жатып қалған: Астанада бойжеткен туған анасын пышақтап өлтірді
Фото: Pixabay.com

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде жантүршігерлік оқиға болды. Пәтерден қарт әйелдің пышақ жарақатымен мәйіті табылды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Полиция оқиғаға күдікті ретінде марқұмның 30 жастағы қызын қамауға алды. Алдын ала деректер бойынша, бірнеше күн бұрын анасы мен қызы арасында тұрмыстық жанжал туындап, соңы қайғылы жағдайға ұласқан. Ашуға булыққан қыз анасына бірнеше рет пышақ сұғып, оның өмірін қиды.

Оқиға болғаннан кейін ол полицияға да, жедел жәрдемге де хабар бермеген. Әйелдің денесі пәтерде екі күн бойы жатқан. Мәйітті көршілердің дабылынан кейін ғана тәртіп сақшылары анықтады.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow