Атырау әкімі қызметінен кетті

Қыркүйек 14, 2026 - 14:45
chat_bubble  0 visibility  13
Атырау әкімі қызметінен кетті
Фото: Gov.kz

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қызметтен өз еркімен кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Облыстық әкімдік бұл ақпаратты растады. Аймақ басшысы оның өтінішіне қол қойды. Кейкин әкім қызметіне 2023 жылы 10 шілде күні тағайындалған болатын. Бұған дейін сауда және интеграция министрлігінде сауда департаментін басқарған.

Еңбек жолын "Теңізмұнайкомплект" ЖШС коммерциялық бөлімнің брокері (1993–1999) болып бастаған. Одан кейін "РАМАКО" ЖШС директордың коммерция жөніндегі орынбасары, "Казстройсервис ЛТД" ЖШС директор болған.

Ал 2008 жылы 8 айдай Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. Сол жылы қараша айында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары болып кетті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0