Атырау облысында дрон бөлшектері табылғаны туралы ақпар тарады

Наурыз 29, 2026 - 17:41
chat_bubble  0 visibility  1
Атырау облысында дрон бөлшектері табылғаны туралы ақпар тарады
Фото: facebook/ОралПласт

Атырау облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының (дронның) сынықтарына ұқсас заттар табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша тексеру жұмыстары басталған.

Оқиғаға уәкілетті қызметтер де тартылған.

"Атырау облысының полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген ведомствоның 2026 жылғы 29 наурыздағы хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның батысында ұшқышсыз ұшу аппараты құлаған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0