Атырау облысында жол апатынан екі сәби көз жұмды

Наурыз 30, 2026 - 15:12
chat_bubble  0 visibility  2
Атырау облысында жол апатынан екі сәби көз жұмды
Фото: Видеодан скрин

Атырау обылысы Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде 26 наурыз күні күндізгі уақытта  ірі жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Atyrauoil.official басылымының мәліметінше, елді мекен ішінде отбасы отырған жеңіл автокөлік пен минивэн соқтығысқан. Апат салдарынан бір сәби оқиға орнында көз жұмса, екіншісі алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

«26 наурыз күні Доссор кентінде Toyota Estima және Opel автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0