Атырауда ақырзаман туралы діни кітапша таратқан зейнеткер ұсталды
Атырауда полиция қызметкерлері вокзал маңындағы пәтерлерге ақырзаман туралы діни кітапшалар таратқан 66 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Дін істері басқармасының хабарлауынша, зейнеткер ешбір діни бірлестікте тұрмағанын және өз ниетімен осындай әрекет жасағанын мойындаған.
Әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449 және 490-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.
Ұсақ бұзақылық үшін, соның ішінде діни материалдарды рұқсатсыз таратқаны үшін, дін туралы заңнаманы бұзғаны үшін заңда жаза қарастырылған.
"Полиция әйел адамды бөлімге жеткізді. Алынған материалдар дінтану сараптамасына жіберілді", - деп нақтылады ведомство.
Сіздің реакцияңыз қандай?