Атырауда түрмеде отырған қылмыскер көз жұмды

Наурыз 30, 2026 - 12:52
app_badging Наурыз 30, 2026 - 12:53
chat_bubble  0 visibility  1
Атырауда түрмеде отырған қылмыскер көз жұмды
Фото: freepik

Атырау қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында әкімшілік қамауда отырған ер адам өлі күйінде табылды, деп жазады Sadaq.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 29 наурызда арнайы қабылдау орнында 1974 жылы туған азаматтың денесі анықталған. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73 бабы 2 бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік жазасын өтеп жатқан.

Марқұм 25 наурыз күні 2003 жылы туған ұлының арызы негізінде 10 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

"Өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүлдесіне сәйкес жариялауға жатпайды," - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0