Атырауда жоғалған отбасы туралы ақпарат таратқан хакер Түркияда ұсталды

Наурыз 15, 2026 - 10:40
chat_bubble  0 visibility  1
Атырауда жоғалған отбасы туралы ақпарат таратқан хакер Түркияда ұсталды
Фото: inbusiness.kz коллажы

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы туралы әлеуметтік желіде ақпарат таратқан күдікті Түркия аумағында ұсталды, деп хабарлайды Sadat.kz. 

Прокуратура мәліметінше, қазіргі уақытта полиция департаментінің Тергеу басқармасында Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша бірнеше қылмыстық іс қаралып жатыр.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті Ж.Н. әртүрлі сылтауларды пайдаланып, азаматтардың ақшасын иемденген. Ол адамдарға инвестиция арқылы табыс табуға көмектесетінін айтып, IT саласында оқыту, бұғатталған аккаунттарды ашу, қаржыны шығарып беру және техника сату сияқты қызметтерді ұсынған.

Осы тәсіл арқылы күдікті жәбірленушілердің сеніміне кіріп, бірнеше эпизод бойынша 13,7 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталған.

Құзырлы органдардың мәліметінше, ұсталған азамат Қазақстанға экстрадицияланып, тергеу амалдары жалғасады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0