Ауыл мұғалімі Ники Минаждың саунд-продюсері атанды

Желтоқсан 2, 2024 - 16:16
Желтоқсан 2, 2024 - 16:23
Ауыл мұғалімі Ники Минаждың саунд-продюсері атанды

Абай облысындағы биология мұғалімі Ерқанат Садуаханов танымал шетелдік әнші Ники Минаждың саунд-продюсері атанды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ерқанат Садуаханов – Абай облысы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында биология пәнінен сабақ береді. Ол Ники Минаждың «Pink Friday 2» альбомына саунд-продюсер болатынын ресми түрде өзінің instagram парақшасында жариялады.

Альбом 2024 жылдың 13 желтоқсанында тыңдармандарға жол тартпақ. Кеңейтілген шығарылым 2023 жылғы түпнұсқа альбомының мерейтойына арналып, тыңдармандарға жаңа композициялар ұсынады.

Айта кетейік, бұған дейін Садуаханов Dua Lipa, Blackpink тобының мүшелері Rosalia және Lisa сияқты әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow