Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері жазаға тартылды

Алексей Ни бас бапкер болған кезде Қазақстан допинг сынамасын қайта тексеріп, Олимпиаданың 5 алтынынан айырылған еді.

Тамыз 24, 2024 - 11:29
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері жазаға тартылды
Caravan.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни спорттан өмір бойына шеттетілетін болды.  

Алексей Ни бас бапкер болған кезде Қазақстан допинг сынамасын қайта тексеріп, Олимпиаданың 5 алтынынан айырылған еді. 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Ни қазір спорттан уақытша шеттетілген.

"63 жастағы маман уақытқа спорттан шеттетілген. 2017 жылы ХОК жанынан құрылған Халықаралық тестілеу агенттігі тараздық азаматты өмір бойына дисквалифицировать туралы ресми хабарлама жіберген. Осы атышулы іс бойынша ITA тергеуі қазір аяқталуға жақын", – деп хабарлады Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы.

Федерация сонымен қатар Алексей Нидің жетекшілігімен ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген ағасы Виктордың да жазаға тартылатынын айтты. Виктор Ни 4 жылға уақытша дисквалификацияланған.

Айта кетейік, қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Нижат Рахимов осы жүлделерді жеңіп алғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң алтындарынан айырылған болатын.

Айта кетейік, бокстан Ұлттық құраманы 2023 жылдың қаңтарынан бастап баптаған Мырзағали Айтжанов Париж олимпиадасынан соң қызметінен босатылған еді. Кейін Қайрат Сәтжанов бас бапкер болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow