Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының жаңа төрағасы

Мамыр 7, 2026 - 12:55
chat_bubble  0 visibility  1
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының жаңа төрағасы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Астанада өтіп жатқан «Әділет» партиясының құрылтай съезінде партия төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай сайланды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл ұсынысты съезге қатысқан 1000-нан астам делегат бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Өз кезегінде Айбек Дәдебай делегаттарға көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, қабылданған шешімді үлкен жауапкершілік ретінде қабылдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ жиын барысында жаңа саяси бірлестіктің Саяси кеңесінің құрамы таныстырылды. Белгілі болғандай, кеңеске 30 адам енгізілген.

Олардың қатарында Айбек Дәдебай, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, кәсіпкер Андрей Лаврентьев, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова және өзге де қоғам қайраткерлері мен сарапшылар бар.

Айта кетейік, Астана «Әділет» партиясының құрылтай сьезі  өтуде. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0