«Әйелім барлығын біледі»: Сәкен Майғазиев әріптесі Мәдинамен арада не барын айтты
![«Әйелім барлығын біледі»: Сәкен Майғазиев әріптесі Мәдинамен арада не барын айтты](https://sadaq.kz/uploads/images/202502/image_870x_67a48e5a09182.jpg)
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Сәкен Майғазиев ел арасында тараған Мадина Сәдуақасовамен арақатынасы жайлы алыпқашпа әңгімеге жауап берді, — деп хабарлайды Sadaq.kz Massaget.kz-ке сілетеме жасап.
Бұл туралы МузАРТ тобының солисі «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Ол бірнеше жылдан бері әріптесі Мадина Сәдуақосовамен арақатынасы жайлы жалған ақпарат таратқандардың көбейіп кеткенін айтты. Сәкен Майғазиевтің сөзінше, Мадина екеуінің арасында ешқандай «махаббат романы» жоқ, болған да емес.
«Осы нәрсені үнемі айтып келемін. Гримеркада, сахна сыртында бірге жүрген фото-видеолар тарап, біз жайлы түрлі қауесеттер тарады ғой. Шыны керек, бұған осы күндері иммунитетім үйреніп те қалды. Әсер етпейтін де болып кетті. Мадина екеуміздің арамызда сыйластық, достық, жақсы әріптестіктен басқа ештеңе жоқ. Болған да емес. Отбасымызбен жақсы араласамыз» деді Сәкен Майғазиев. Осындай «өсек қуғандар» әйеліме де хабарласты дейді әнші. Сәкен Майғазиевтің әйелі бұл әңгімеге түсіністікпен қарағанын айтқан.
«Мұндай өсектер тарап жатқанын әйелім де біледі. Жұбайым Динараға біреу хабарласып: «Сәкен мен Мадина білдірмей жүрсін де, ұят қой» деп айтыпты. Сол жерде менің әйелімнің даналығы «жүрсе білдірмес еді ғой» деп жауап беріпті. Келіншегім отбасымызбен жақсы араласатынымызды айтып, «Сәкеннен гөрі Мадинамен мен жақсы араласамын» деп жауап берген екен. Мадинамен тойларда, ұшақта бірге көріп қалып, адамдар бірдеңені тарата береді ғой. Мырзалығымды танытып қыздарға, әйелдерге сахнада қолымды беріп, жәрдемдесіп жатамын. Соны көбі өсек қылып шығарып жібереді», деп жауап берді әнші.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/wow.png)