«Айтыстың қара нары 75 жаста»: Айнұр Тұрсынбаева бастаған ақындар Жүрсін Ерманға құрмет көрсетті

Ақпан 18, 2026 - 10:33
 0  41
«Айтыстың қара нары 75 жаста»: Айнұр Тұрсынбаева бастаған ақындар Жүрсін Ерманға құрмет көрсетті
Фото: Видеодан скрин

Танымал айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында ақындармен бірге Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтап, шаңырағына арнайы барды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Бейнежазбада Айнұр Тұрсынбаевамен қатар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханды да көруге болады.

«Бүгін қазақ айтысының қара нары, бәрімізді әкеміздей қамқорлығына алып, сахнаға шығарған Жүрсін ағамызды 75 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап қайттық. Ертеңгі дүбірлі тойдың басын өзінің ақын ұл-қыздары бастап бергеніне Бақытжамал апамыз екеуі бір марқайып қалды. Ағамыздың мерейлі мерекесіне Жезқазғаннан арнайы келген ағайын-туыстары кеше ғана өзіміз өткізген «Қазақи шоу»-ды сүйсініп көргенін және жобаның жалғасын тағатсыздана күтіп жүргендерін айтты. Жүрсін ағамыз да біздің бастамамызды жоғары бағалап, алдағы жоспарларымызға ақ батасын берді. Айтыстың ақсақалы, қазақ өнерінің қара нары ұзақ жасасын!», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0