«Ажырасқан соң құрметтемейді»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы шындығын айтты

Қазан 6, 2026 - 12:34
chat_bubble  0 visibility  16
«Ажырасқан соң құрметтемейді»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы шындығын айтты
Фото: Видеодан скрин

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы  әзілкештің туған жері Оралда оған лайықты құрмет көрсетілмегеніне қынжылатынын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша, Тұрсынбек Қабатовтың сахнада жүргеніне – 26 жыл болған. Осы уақыт ішінде өнер иесі  көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, ат мінгізіп, шапан жабатынын айтты.

«Бірақ өзінің туған жері Орал қаласы бір құрмет танытып, «20-25 жыл» деп концерт беріп жатқанда, ат мінгізіп, шапан жаппақ түгілі, бір парақ құттықтау қағазын беруге жарамағаны жанына батады. Қаншама Оралдан шыққан әртістерге, жастарға қол ұшын созып, қала күні дегенде ұшып барады. Көмектесіп, бір бүйірі бұрып тұрады. «Оралым» деп ән жазып, жүрген жерінде айтып жүреді. Бірақ солай», – деді ол.

Сондай-ақ ол өнер жолы мен отбасындағы сәтсіздіктерді салыстырмауға шақырды.

«Құрметтілер, өнер мен отбасыны салыстырмаңыздар! Өнер жолын 26 жыл үзбей, тынбай еңбек етіп жүрген жандар көп емес. Кейбіреулері «ажырасқасын туған жері ұнатпай қалған шығар» деп жазыпты. Ал құрметтесе, ажыраспай тұрып-ақ көрсетпей ме сол құрметтерін?» – деп жазды Айман Талғатқызы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0