Азия чемпионатына барған боксшымыз жекпе-жекке шықпайтын болды
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекова сырқаттанып қалды. Осыған байланысты бүгін жекпе-жекке шықпайды, - деп хабарлайды sadaq.kz сайты msports.kz - ке сілтеме жасап.
Алуа Балқыбекова 50 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды. Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде тай елінің боксшысы Раксат Тукаматпен жұдырықтасуы керек болған. Қазақстан бокс федерациясының ақпараты бойынша, отандасымыз денсаулығына байланысты жұдырықтасудан бас тартты.
"Ішек синдромы бар орта дәрежелі жіті гастроэнтеритке байланысты спортшының жарысқа қатыспауы туралы шешім қабылданды" – делінген дәрігер анықтамасында.
Айта кетейік, бокстан Азия чемпионаты Чианг Мэйде өтіп жатыр. 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
Сіздің реакцияңыз қандай?