Азия ойындары-2025: ел қоржынына алғашқы медаль түсті

Ақпан 8, 2025 - 12:06
 0  176
Азия ойындары-2025: ел қоржынына алғашқы медаль түсті
Фото: ашық дереккөз

ІХ Қысқы Азия ойындарында шорт-тректен аралас эстафетада (2000м) Қазақстан құрамасы мәреге екінші келді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Шешуші жарыста еліміздің намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан мен Малика Ермек қорғады.

Бұл сайыста Оңтүстік Корея құрамасы жеңімпаз атанса, Жапония үздік үштікті түйіндеді.

Ширек финалда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, Жапония мен Тайбэйден озып, команда жартылай финалға жолдама алған еді.

Айта кетсек, Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында өтетін қысқы Азия ойындарына Қазақстан құрамасынан 137 спортшы қатысып жатыр. Жерлестеріміз 6 спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетіп, 51 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Жалпы Ойындарға Азияның 32 елінен 1000-нан астам спортшы қатысып, 64 медаль жиынтығы үшін сынға түседі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0