Шымкент тұрғыны асырап алған балаларын байлап ұстап, ит-мысықтың етін берген

Шымкентте алты баланы қамқорлығына алып, оларды қинады деп күдікке ілінген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Маусым 1, 2024 - 10:15
Маусым 3, 2024 - 09:25
Шымкент тұрғыны асырап алған балаларын байлап ұстап, ит-мысықтың етін берген

Шымкентте алты баланы қамқорлығына алып, оларды қинады деп күдікке ілінген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың сөзінше ол балаларды жұмысқа жегіп, жуындырмай, аяқ-қолын байлап ұстаған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкентте алты баланы қамқорлығына алып, оларды қинады деп күдікке ілінген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қалалық омбудсмен Жаннета Жазықбаеваның айтуынша 2021 жылы шымкенттік тұрғын 6 баланы асырап алған. Ол балаларды жұмысқа салып, тіпті жуынуға да мүмкіндік бермепті.

«Кішкентай үйде тұрады. Іші енді қап-қара, лас. Балалардың өзі қатты арық. Бұрын соғыс кезіндегі концлагерьдегі балалар сияқты болып қалған. Балалардың денесіндегі көгергені, қызарғаны бәрі бар. Бесеуі сөйлей де алмайды. Өйткені оларды түнде ұйықтаған кезде үстін қасымасын деп аяқ-қолын байлап қояды екен. Себебі дер кезінде шомылмаған. Тамақ бойынша үлкен баласынан сұраған кезде сарайдағы ит-мысықтарды сойып береді деген. Сарайларын қарап шықтық. Онда 3 мысық байлаулы тұрды», – дейді Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.

Қиын жағдайға тап болғаны жайлы балалардың үлкені хабарласып көмек сұраған. Қазір 3-еуі бөбектер үйіне табысталса, екеуі балалар үйіне жайғастырылған.

«Үлкен ұлы балалар үйінің басшысына шығып, көмектесіңіздерші ұрады-соғады деп хабарласқан. Сонымен қатар, 5 бала бойынша видео-суреттер жібергендіктен қамқоршылық ұйыммен бірге барып қарадық. Зерделеу барысында бірнеше факті анықталды. Балаларды еңбекке тартқан, қарны аш, киімдері жыртық, лас болған. Сондықтан балаларды алып, бөбектер үйі мен балалар үйіне тапсырдық. Асырап алған кісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Көп фактілер анықталып жатыр», – дейді Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір күдіктінің үстінен ҚК 110- қинау бабы бойынша тергеу әрекеті аяқталып, барлық іс-құжат сотқа жолданған.

«Аталған іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды, барлық іс-құжаттар сотқа жолданды», – дейді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Омбудсменнің сөзінше, Шымкентте соңғы 4 жылда 30 бала өзіне қол жұмсап қаза тапқан. Ал, 60 жасөспірім аман қалған. Жаннетта Жазықбаева статистика бойынша өз өмірін қиюдың басым бөлігі отбасындағы жанжалдан туындайды дейді. Ал, қала тұрғындары қоғамдағы бала құқығының қорғалуына қатысты әр түрлі пікірде.

«Балалардың құқығы толық қорғалды деп айта алмаймын. Бірақ жұмыстар жасалып жатыр. Мысалы қараңыз, қазір жаз мезгілі. Ата-аналары жұмыста. Балаларға тезірек лагерьлер ұйымдастырып берсе болады ғой».

«Қазір балалар өз ойын толық айта алады. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық болса, көбінде заң балалар жақта ғой. Сондықтан толық құқықтары қорғалған».

«Қазір әлеуметтік желі дамыған ғой. Егер келеңсіз жайт болса, бірден қарап, құзырлы орган көмек береді деп ойлаймын»

«Қаламызда, кей өңірлерде бала құқығы қорғалмаған. Себебі бала деп қарайды. Жасының кішілігін пайдаланады. Солай ойлағандықтан оларға көбіне зорлық-зомбылық жасайды. Мұндай жайт өзіміз көріп жүргендей әкелері-ағалары жағынан болып тұрады. Ауылдық жерде сондай жайттарды көп естігенмін», – дейді қала тұрғындары.

Жыл басынан бері мегаполисте ата-ана құқығынан айыру бойынша 21 арыз түскен. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен оның 6-ауы қанағаттандырылып, балалар арнайы мекемеге тапсырылған. Мамандар аталған азаматтардың қамқоршылық жауапкершіліктен айырылуына түрлі себеп болды дейді.

«2024 жылдың мамарына дейін ата-ана құқығынан айыру санаты бойынша сот өндірісіне 21 арыз түскен. Соның ішінде 11-іне шешім шыққан. Атап айтқанда, 6 шешім қанағаттандырылып, 5 шешім қанағаттандырудан бас тартылды. Мұндай жайттардың себебі әр түрлі. Кейбір ата-аналар ішкілікке салынып кетеді. Сөйтіп балаларына қарамайды. Сондықтан құзырлы басқармалармен акт түзіп, балалардың қараусыз қалғаны туралы білім басқармасына жүгінеді. Балаларды білім басқармасының бұйрығымен бөбектер үйіне немесе балалар үйіне жібереміз», – дейді Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Феруза Балтаева.

Айта кетейік, балалар құқығы 2002 жылы қабылданған ҚР «Баланың құқықтары туралы заң» аясында қорғалады.

«20-шы күні таптық»: Павлодар облысында капитанның денесі табылды

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow