«Балама обал болды»: Баласы сыйлықсыз қалған әке жаңажылдық ертеңгілікте шу шығарды

Желтоқсан 24, 2025 - 16:29
 0  4
«Балама обал болды»: Баласы сыйлықсыз қалған әке жаңажылдық ертеңгілікте шу шығарды

Ресейдегі балабақшалардың бірінде жаңажылдық ертеңгілік жанжалмен аяқталды: балалардың бірі сыйлықсыз қалған. Баланың әкесінің эмоцияға берілген реакциясы видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оқиға №26 балабақшада болған. Мерекелік шара жоспарға сай өтіп жатқан, алайда сыйлық тарату кезінде мәселе туындаған. Куәгерлердің айтуынша, кезектегі соңғы бала Аяз атаға қолын созған сәтте қап бос болып шыққан – актер теріс бұрылып, балаларды ортақ фотоға шақырған.

Сыйлықсыз қалған бала жылап жіберген. Әкесінің сөзінше, сол сәтте ешбір ересек адам баланы бірден жұбатуға немесе жағдайды түсіндіруге тырыспаған. Мәселе анықталғанша күткен әке эмоциясын ұстай алмай, залдың ішінде жанжал шығарған.

Желіде тараған видеода оның былай деп айқайлағаны естіледі:

«Балама обал болды! Мен Аяз атаға сендім – менің балам да сенді!»

Басқа ата-аналар оны сабырға шақырған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам балалардың көзінше боқауыз сөздер қолданған. Оқиғадан кейін ата-аналар оған қатысты прокуратураға шағым түсірген.

Кейінірек әке шектен шығып кеткенін мойындап, өз әрекетін күйзеліспен түсіндірді. Сондай-ақ, тәрбиешілердің бірі тек жанжал ушығып кеткеннен кейін ғана кешірім сұрап, жағдайды реттеуге тырысқанын айтты.

«Қазір ұлыма Аяз атаның беделін қайта қалпына келтіру үшін үйге аниматор шақыруды жоспарлап отырмын», – деді ол.

Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Пікірлерде көптеген қолданушылар әкенің қатқыл реакциясына қарамастан, оның жағына шықты:

«Әке ретінде оның әрекеті толықтай дұрыс. Баласы үшін жаны ауырып тұр»,
«Иә, ашуға берілді, бірақ ұлын қорғады. Неге бірде-бір адам баланың сыйлықсыз қалғанын бақыламаған?»,
«Эмоциямен әрекет етті, бірақ баласы үшін араша түскен жалғыз адам сол болды»,
«Әркім өз баласын сол баланың орнына қойып көрсе, өзі қалай әрекет етер еді», деп жазып жатыр олар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0