«Баламның есі дұрыс»: Балтамен мектепте барған оқушының анасы жанайқайын айтты

Ақпан 11, 2026 - 12:32
 0  1
«Баламның есі дұрыс»: Балтамен мектепте барған оқушының анасы жанайқайын айтты
Фото: видеодан кадр

Атырау облысы, Құлсары қаласындағы №6 мектептің ішінде балтамен жүгірген оқушының анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Ананың сөзінше, жөнімен сыныбында отырған ұлын 4 оқушы шақырып алып, дәретханада әлімжеттік көрсеткен. Намысына тиетін сөздер айтқан. Содан әбден ызаланған баласы оларды қорқыту үшін соңдарынан балтамен қуған. 

Тіпті, ұлы мектепке барғысы келмейтінін айтқанымен, анасы райынан қайтарып келген. 

«Балам ауру емес. Дені сау. Видеодан көрсеңіздер  тек өзіне тиіскен балаларды ғана қуған. Тіпті маған: “ бұл мектепке барсам маған бірдеңе болуы мүмкін”деп жиі айтатын. Қайдағыны айтпа, бір жылың қалды деп басу айтатынбыз»,- деді оқушының анасы. 

Ананың айтуынша, әлімжеттік жайлы шағымданғандарды бұл мектепте “терпила” деп атайтын көрінеді. Содан балалар көрген қорлығы туралы ешкімге тіс жармайды екен. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0