Балқашта «Қазмыстың» қызметкері 8 жастағы баланы азаптаған

Тамыз 5, 2025 - 17:10
Балқашта «Қазмыстың» қызметкері 8 жастағы баланы азаптаған
Фото: видеодан скрин

Балқаш тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған ұлын «Қазмыс» АҚ қызметкері Алмас Басымбеков аяусыз ұрып-соғып, азаптағанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Анасының айтуынша, 8 жастағы баланың саусақтарын сындырған, басынан ұрған және денесін күйдірген.

"Екі баланың әкесі болып отырған ересек адам кішкентай балаға өз бетінше «жаза» қолданып, азаптады. Бұл — заң тарапынан ең қатаң әрі принципті баға беруді қажет ететін әрекет", — деді ол.

Әйел күдіктінің полиция және медицина мекемелерімен байланысы болуы мүмкін екенін айтып, істі жабуға тырысуы ықтимал деп алаңдайды. Сондай-ақ отбасының қауіпсіздігіне қорқып, барлық мәліметті ашып айтуға дайын еместігін жеткізді:

"Қазір моральдық соққы мен күйзеліс жағдайындамын… Адвокатпен бірге толық мәлімдеме дайындаған соң, барлық деректі жариялаймын", — деді ол.

HALYQSTAN тілшісінің мәліметінше, әйел адвокат қызметін төлеу үшін қаражат жинап жатыр. Қажетті 700 мың теңгенің 500 мыңнан астамы жиналған.

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Тергеу жүргізілуде, қосымша жедел-тергеу шаралары және бірқатар сараптамалар тағайындалды", — деді ведомство өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow