Балқашта көлігімен суға кірген жүргізуші қамауға алынды

Шілде 30, 2026 - 15:01
 0  17
Балқашта көлігімен суға кірген жүргізуші қамауға алынды
фото: видеодан скриншот

Алматы облысындағы Балқаш көлінде шомылып жүрген адамдарға қарамастан көлігімен суға кірген жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында хабарланғандай, полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің жағалауы мен суында көлік жүргізген 40 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісін анықтады. Бұл уақытта мұнда адамдар, соның ішінде балалар демалып, шомылып жүрген.

"Ол өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген", - делінген хабарламада.

Құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0