«Барыстың» бас бапкері қазақ тілін үйренуге уақыты жоқ екенін айтты

Қазақстандық “Барыс” хоккей командасының бас бапкері Михаил Кравец қазақ тілін үйренудің қажеті шамалы екенін, себебі уақыты жоқ екенін ашып айтты. Бұл туралы sadaq.kz сайты Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
“Білесіз бе, бәрі орысша сөйлейді, кейде ағылшынша да жеткілікті... Уақытым жетпейді. Онда маған қытай тілін де үйренуге тура келер еді. Сондықтан орыс және ағылшын тілдері жеткілікті деп ойлаймын. Оның үстіне бәрі бәрін түсінеді”, – деп жауап берді Михаил Кравец.
Айта кетейік, Михаил Кравец осы жылдың тамыз айында “Барыстың” бұрыңғы бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев қызметінен кеткеннен кейін орнына тағайындалған еді.
Михаил Кравец бапкерлік мансабын 2001 жылы бастаған. Ол бұған дейін Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) "Витязь", "Амур", “Авангард", "Куньлунь" командаларын жаттықтырған.
Ал Барыс хоккей клубы соңғы рет “Ак Барс” клубымен өткен ойында 3:4 есебімен есе жіберген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






