Бас имам арнайы құттықтау жіберген: Алматыда православ, баптист, яхуди, тәңірші-бақсылар бас қосты

Тәңіршілер қауымы ұйымдастырған жиынға ҚМДБ-ға қарайтын Қарағандыдағы «Ақыт қажы» атындағы мешітінің бас имамы арнайы құттықтау жіберген.

Мамыр 2, 2025 - 10:51
Мамыр 2, 2025 - 11:29
Бас имам арнайы құттықтау жіберген: Алматыда православ, баптист, яхуди, тәңірші-бақсылар бас қосты

Алматыда тәңіршілер, православ, баптист, яхуди және қазақ бақсыларының қатысуымен айрықша жиын өтті. Бұл туралы белгілі журналист Ораз Әлімбек хабарлады. Журналистің айтуынша, әр түрлі дін өкілдерінің жиыны киіз үйде өткен. Жиында қазақтың қара домбырасынан күй төгіліп, шаңқобыз ойналған. Ең қызығы, Тәңіршілер қауымы ұйымдастырған жиынға ҚМДБ-ға қарайтын Қарағандыдағы «Ақыт қажы» атындағы мешітінің бас имамы арнайы құттықтау жіберген, деп жазады Sadaq.kz.

"Бүгін Алматы маңындағы Қырғауылдыдағы "Тенгри" этно-ауылында Қазақстандағы діни конфессия өкілдері бас қосты. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткізілген іс-шара діндер сиезіне ұқсайды. Басқосуды қазақстандық тәңіршілер қауымы ұйымдастырды.

Биыл 1 мамыр бейсенбі күнге сәйкес келді. Жиын қазақтың 7 шелпек пісіру және оны тарату дәстүрімен басталды. Тәңірі дүниетанымындағы Әсел Таухан мен Нұргүл Мұқышева қамыр илеп, шелпек пен бауырсақ пісіріп қонақкәде жасады.

Жиынға Православ өкілі Яков Воронцов, Евангелистік елуліктер ұйымының мүшелері Берік Тұяқбаев пен Назугум Туякбаева, Баптизм өкілі Бағлан Мейманкулов, Бахаи өкілі Ғиният Исин, яхудилік нұқизм өкілі Тұрарбек Құсайынов, Қазақ бақсысы және қазақ емшілері қауымдастығының өкілі Әшімбай Қасымов, этнографтар Асылбек Дәркембай мен Дана Мейірбекова қатысты.

ҚМДБ-ға қарайтын Қарағандыдағы «Ақыт қажы» атындағы мешітінің бас имамы  Жанарбек Мамбар және Теміртаудағы Буддизм монахы Алексей Шмыгля мерекеге орай онлайн құттықтау жолдады.

Жиында қазақтың қара домбырасынан күй төгіліп, шаңқобыз шертілді", - деп жазған журналист Ораз Әлімбек өзінің facebook парақшасында. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow