Бас прокуратура Қантар кезіндегі азаптау фактісі бойынша Алматы полициясы бастығының орынбасары ұсталғанын растады
Бас прокуратура Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау фактісі бойынша Алматы қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Әбілбековтің ұсталғанын растады.
«Қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Әбілбеков ұсталды», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Ақпаратқа сүйенсек, полицей 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптауісі бойынша қамауға алынған.
Өзге ақпараттың ҚПК-нің 201-бабы негізінде жария болмайтынын хабарланды.
Айта кетейік, Әбілбеков Алматы қаласы полиция басқармасы басшысының орынбасары қызметіне 2019 жылы тағайындалған. Ал оның қашан жұмыстан шыққаны немесе шығарылғаны туралы нақты ақпарат жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?