«Басын айналдырып аларсың»: Қайрат Нұртас әнші Балжан Бидашпен көзге түсті
Танымал әнші Қайрат Нұртас Балжан Бидашпен көзге түсіп, тыңдармандарына шығармашылық жаңалығын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында студияда түсірілген видеоны жариялап, жазба астына «Жуырда» деп қысқа ғана пікір қалдырған.
Желі қолданушылары жарияланымнан кейін өнер иелерінің бірлескен туынды дайындап жатқанын болжады. Көпшілік қос әншінің жаңа дуэтін асыға күтетінін айтып, пікірлерін қалдырған.
«Асыға күтеміз», «Ағалық қамқорлық дейді», «Керемет», «Әрі жүрші, басын айналдырып аларсың», «Аға деп майыса берме», – деп жазды оқырмандар.
Әзірге әннің атауы мен жарыққа шығу күні ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен, тыңдармандар Қайрат Нұртас пен Балжан Бидаштың шығармашылық тандемі тың туындымен қуантатынына сенім білдіруде.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0