Басынан теуіп, талдырып тастады: Алматыда сұмдық оқиға болды

Жүргізуші есін жиған соң бетін жуып, адамдарды әрі қарай алып кетті.

Қыркүйек 21, 2024 - 17:04
Қыркүйек 21, 2024 - 17:05
Басынан теуіп, талдырып тастады: Алматыда сұмдық оқиға болды

Алматыда қоғамдық көлікте үш адам жолаушыны жабылып ұра бастаған. Осы кезде оларды автобус жүргізушісі сабырға шақыруға барған. Алайда төбелес шығарғандардың бірі жүргізушіні мойынынан қылқындырып, сыртқа шығарып, басынан теуіп, талдырып тастаған.

Аталаған жағдай әлеуметтік желіде тарады.

"Олар жүргізушінің басынан тепкен соң, жүргізуші есінен танып қалды. Болған жағдайдан кейін олар қашып кетті. Жүргізуші есін жиған соң бетін жуып, адамдарды әрі қарай алып кетті", – делінген жазбада.

Полиция болған жанжалға қатысты Жетісу ауданының полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Төбелеске қатысқандардың жеке басы анықталды. Жанжалдың алдын ала мән-жайы белгілі болды. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп мәлімдеді полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow