Баян Мақсатқызының келіні «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды

Мамыр 22, 2025 - 09:55
Мамыр 22, 2025 - 10:08
Баян Мақсатқызының келіні «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды
Коллаж: turkystan.kz

Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағын алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

"21-мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасының Президентінің 2025 жылғы 16 мамырдағы жарлығымен “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағын алдым. Бұл атақты маған білімін берген, еңбегін сіңірген ұстаздарымның ақталған еңбегі деп білемін. Аида Балаева маған деген сеніміңізге, үлкен алғысымды білдіремін. Ақтау үшін бар күшімді саламын. Өнер жолында тоқтамай, еңбек етуіме үлкен шабыт деп қабылдаймын. Өздерінен оздырып, мен сахнаға шыққанда тақымын қысқан ұстаздарыма алғысымды білдіремін", - деді Жарқынай Ханайым.

Айта кетейік, Жарқынай Ханайым - Баян Алагөзованың "Рауза" телехикаясында басты рөлде сомдаған. Сонымен қатар атақты продюсердің келіні Жарқынай - телехикаядағы "Сакураның" шын өмірдегі келіншегі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow