Байқоңырда алғаш рет «Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Мамыр 1, 2026 - 15:06
 0  10
Байқоңырда алғаш рет «Сұңқар» зымыраны ұшырылды
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Байқоңыр ғарыш айлағында алғаш рет  «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінен жаңа буындағы «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлемдегі ең қуатты сұйық отынды зымыран қозғалтқышымен жабдықталған жаңа «Союз-5» зымыраны алғаш рет ұшты. Тарихи сәт –  30 сәуірде  Байқоңыр ғарыш айлағындағы №45 ұшыру алаңында жүзеге асты. Бұрын бұл алаң «Зенит» зымыран-тасығыштар тобына арналған болатын.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, «Союз-5/Сұңқар» тасығышының техникалық сипаттамалары төмен жер маңы орбитасына 17 тоннаға дейін пайдалы жүкті шығаруға мүмкіндік береді. Зымыран қуатты әрі тексерілген қозғалтқыштармен жабдықталған.

«Бәйтерек» жобасы — еліміздің жеке заманауи ұшыру инфрақұрылымын пайдалануға көшуіне мүмкіндік беретін стратегиялық жетістік»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Бәйтерек» кешені мен «Союз-5/Сұңқар» зымыраны керосин мен сұйық оттегі сияқты улы емес отынды қолдана отырып, экологиялық таза космонавтиканың болашағын айқындайды. Ғылымды дамыту мен елдің индустриялық әлеуетін нығайту үшін жол ашады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0