БАӘ-де ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Желтоқсан 30, 2024 - 10:49
 0  31
БАӘ-де ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Біріккен Араб Әмірліктерінің Азаматтық авиациясының басқармасы Рас әл-Хайма әмірлігінің жағалауында жеңіл ұшақтың құлауы салдарынан екі адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

WAM ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әл-Жазира авиациялық-спорттық клубына тиесілі жеңіл ұшақ Рас әл-Хайма әмірлігінің жағалауында суға құлаған.

Басылымның мәліметінше, оқиға салдарынан ұшақтың ұшқышы мен жолаушысы қаза тапқан. Билік ұшақ апатының себебін анықтау үшін тергеуді жалғастыруда. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0