Белгілі исламтанушы Рүстем Жүгінісовтің діни ұстанымы жайлы айтты (ВИДЕО)

Тамыз 13, 2025 - 12:22
Белгілі исламтанушы Рүстем Жүгінісовтің діни ұстанымы жайлы айтты (ВИДЕО)
Коллаж: Bairaqmedia.kz

Дінтанушы Асқар Сабдин әнші Рүстем Жүгінісовтің қандай діни ағымда екеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz сайты bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Дінтанушы бұл туралы Ербол Сейілханның YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Әнші Рүстем Жүгінісов өткен жылы Астанада заңсыз діни қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Яғни, дін саласының маманы болмаса да, Ханафи мәзһабына қатысты ақпарат таратқан»,- деді Асқар Сабдин.

Теологтың сөзінше, бұл әлем бойынша белсенді ағым бойынша есептеледі. 

«Менің көріп жүргенім бойынша, оның ұстанымы салафилік бағыттың ішіндегі мадхализм ағымына жақын. Рүстем Жүгінісовтің қасында жүрген, өзін «ұстаз» деп таныстыратын адамдар осы идеологияны насихаттап жүр»,- деді сұхбатында теолог. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow