Белгілі режиссер Ғалым Доскен өмірден өтті

Қараша 11, 2025 - 09:43
Қараша 11, 2025 - 11:15
Белгілі режиссер Ғалым Доскен өмірден өтті
фото: baq.kz

Филолог, әдебиет сыншысы, режиссер, сценарист Ғалым Доскен өмірден өтті. 

Суыт хабарды Базарбек Атығай Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Жарық дүниеден қазақтың арда азаматы Ғалым Доскен өтті...», - деп жазды ол.

Ғалым Доскен - 1960 жылы 19 шілдеде дүниеге келген. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын тәмамдаған.

Еңбек өтілі: «Қазақстанның республикалық телевидение және радио корпорациясы» ЖАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2001-2002); «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы (2002-2006); «Ел» продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі  (2007 жылдан бастап).

«Сәулені күту», «Ұлы дала астаналары», «Маңғыстау қабірлерінің түсі», «Жоғалған жарық хроникасы» және т.б. фильмдірінің, «Тоғыз құйрықты ақ түлкі», «Сиқырлы флейта», «Билейтін құс» кітаптарының, «Жезтырнақ» балеті либреттосының, аудармалардың авторы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow